Әлихан Смайылов ТМД және ЕАЭО елдері үкімет басшыларының кездесуіне қатысты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ТМД және ЕАЭО елдері үкімет басшыларының Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің Telegram каналына сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов Сочиде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің және ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырыстары мен басқа да іскерлік іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және тиімділігін атап өтті.

Сондай-ақ ол интеграциялық бірлестіктер аясында алға қойылған барлық міндеттің табысты жүзеге асырылатынына және Сочиде қабылданған шешімдердің екіжақты тиімді жаңа жобаларға айналатынына сенім білдірді.


Соңғы жаңалықтар