Әлихан Смайылов сыртқы сауда саясаты мәселелері жөніндегі ВАК отырысына қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайыловтың басшылығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында инфляцияға қарсы әрекет ету және елдің ішкі экономикасын қолдау мақсатында дайын өнім өндіруге қажетті тауарлар мен шикізатты экспорттауға бірқатар тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Ет пен ет өнімдерінің ішкі нарықтағы бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ мал басын көбейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ірі қара мен ұсақ малдың асыл тұқымды түрлерін экспорттауға тыйым салуды ұзартты. Мұнымен қоса, шикізаттың жетіспеушілігінен бүгінде еліміздегі картон және қағаз өнеркәсібі кәсіпорындары шикізат ретінде қайта өңделетін қағазды, картонды және макулатураны пайдаланады.

Осыған байланысты ішкі нарықта шикізат тапшылығының алдын алу үшін Үкімет 6 айға осындай тауарларды елден әкетуге уақытша тыйым салады.

Сондай-ақ Қазақстанда отандық жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі өндірушілерін қолдау мақсатында ДСП экспортын шектеу туралы шешім қабылданды. Ішкі нарықтағы тапшылықты жою және бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл тауарлардың экспортына тыйым салу бойынша шешімін ұзартты.


Соңғы жаңалықтар