Әлихан Смайылов су шаруашылығы ғылымын дамытуды тапсырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда су шаруашылығы ғылымы дамытылады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Су кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңесте Су ресурстары комитетінің және оның бассейндік инспекцияларының кадрлық әлеуетін нығайту, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсарту мәселелері қаралды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің хабарлауынша, елдің су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру үшін Су ресурстары комитетінің ұйымдық құрылымын қайта қарау және күшейту, сондай-ақ аумақтық бассейндік инспекцияларды айтарлықтай нығайту ұсынылып отыр.

Премьер-Министр тиісті бөлімшелерді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді кеңейту жөніндегі ұсынысты қолдады. Бұл ретте ол Экология министрлігіне кадр саясатына қатысты ұсынылып отырған шараларға қосымша талдау жүргізуді тапсырды.

«Ғылым мен білімге де ерекше көңіл бөлу керек. Су шаруашылығы ғылымын дамыту, тиісті ҒЗИ-ді күшейту бойынша ұсыныстар беріңіз, өйткені ғылымсыз бұл саланы дамыта алмаймыз. Кадрларды даярлау кезінде заманауи кәсіби стандарттарды енгізуге баса назар аударылуы тиіс», — деді Әлихан Смайылов.








Фото: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар