Әлихан Смайылов Шанхайда өткен халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты

None
None
ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қытайға сапары барысында Шанхайда өткен 2-ші Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ә.Смайылов Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуетін көрсету мақсатында ҚХР Сауда министрлігі ұсынған Шанхай көрмесіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық және сауда павильондарын аралады.

Биылғы 13 маусымда Бішкекте өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының 19-отырысына қатысу аясында болған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы келіссөздер барысында Қытай тарапы Қазақстанды қараша айында өтетін 2-ші Қытай халықаралық импорт көрмесіне құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырған болатын.

Шанхай көрмесінде Қазақстан Республикасы ұлттық стендті елдің экономикалық және инвестициялық әлеуетін көрсетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында инвестициялық, сауда, бизнес және туризм саласындағы елдің мүмкіндіктерін таныстыру үшін сегіз ірі компания, оның ішінде «Kazakh Invest» ҰК АҚ, «Самұрық-Қазына»,« Бәйтерек», AIFC, «Astana Expo –2017 », «Kazakh Export», ССДО «Qaztrade», «KazakhTourism» және «Қорғас» ШЫХО көрсетілген.

Шанхай импорт көрмесіндегі 180 шаршы метр аумақты алатын еліміздің павильонында қазақстандық өнімдерді еліміздің тамақ және ауыл шаруашылығы салаларының 30 компаниясы ұсынды.

Көрме барысында бірқатар экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.

Өткен жылы Шанхайда өткен 1-ші Қытай халықаралық импорт көрмесіне 130 елден астам келген 3 мыңнан астам компания қатысты. Оның екі жүзі әлемдегі 500 ірі кәсіпорындардың тізімінде.

270 мың шаршы метрді құрайтын көрменің жалпы алаңында 5 мыңға жуық түрлі бұйымдар мен технологиялар ұсынылды. Іс-шараға 18 мемлекет пен үкімет басшысы және 160 мыңға жуық сатып алушы қатысты.

Фото: facebook.com/minfingovkz

Соңғы жаңалықтар