+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» туралы айтты

2020 жылғы 10 ақпан 14:32
Бөлісіңіз:
Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов «ҚазАгро» холдингінде қанша қаржы үнемделгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Шара барысында депутаттар «ҚазАгро» холдингінің айналасында туындаған мәселені көтерді.

«Жыл сайын Үкімет пен Есеп комитетінің есебін талқылау кезінде квазимемлекеттік сектордағы бірқатар ірі компанияның қызметі депутаттық корпустың наразылығын тудырады. Бюджет қаражатының миллиардтаған теңгесі тиімсіз пайдаланылады, уақытылы жұмсалмайды, кей кездері олар арнайы шоттарда мүлдем пайдаланылмай жатады. Мысал ретінде «ҚазАгро» холдингін алайық. Соңғы төрт жыл ішінде оларға республикалық бюджеттен шамамен 473 миллиард теңге бөлінген. 2016 жылы холдинг шығындары 92,3 миллиард теңгені, 2018 жылы 126 миллиард теңгені құрады. Осы жылдары олар мемлекетке бір теңге де дивиденд төлеген жоқ», - деп тоқталды депутат Жексенбай Дүйсебаев.

Осы орада ол Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік холдингтер, ұлттық компаниялардың тиімділігіне жүргізілген талдаудың қорытындысын сұрады.

Өз кезегінде Әлихан Смайылов аталған тапсырма бойынша тиісті жұмыс тобы құрылғанын атап өтті. Ұлттық холдингтер бойынша «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және «ҚазАгро» жұмыстарына тиісті талдау жүргізілді.

«Негізгі кемшіліктерге тоқталсақ, аталған холдингтердің рөлі мен орны біздің мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жоқ деп айтуға болады. Екіншіден, кейбір инвестициялық жобалары тиімсіз. Сосын, борыштық міндеттемелерінің өсуі байқалады. Осындай кемшіліктер көрінді. Осыған сәйкес, тиісті ұсыныстарды бердік. Біріншіден,мемлекеттік холдингтердің стратегиялық жоспарлау жұмыстарын жетілдіру керек және олардың көрсеткіштерін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің көрсеткіштеріне сәйкестендіруіміз қажет. Екіншіден, олардың сатып алуларын бірыңғай заңмен қамтамасыз етуіміз керек. Қазір бірыңғай сатып алу заңнамасы бойынша жобасын әзірлеп жатырмыз», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, осы бағытта бірқатар ұсыныстар былтыр желтоқсан айында Президент Әкімшілігіне енгізілді.

«ҚазАгро» холдингін жеке айтатын болсақ, өздеріңіз білесіздер, былтыр «ҚазАгроның» алдында оңтайландыру бойынша үлкен тапсырмалар қойылды. Нәтижесінде, қазір біз көріп отырмыз, штат саны қысқарды. Биыл тағы да «ҚазАгроның» шығындары 2 млрд теңгеге азаяды. Жалпы, шығындар он бес есе азайып, биыл олар таза табысқа шығады. Саланы қаржыландыру 77 млрд теңгеге, яғни, 400 млрд теңгеден 477 млрд теңгеге ұлғайды. Енді бұл алғашқы нәтижелер», - дейді Ә. Смайылов.

Оның пайымынша, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға негізделген институттар болуы керек.

«...Егер біз бұл холдингті таратыптастап, тек банк секторына сенетін болсақ, банктер ешқашан ол жерге (ауыл шаруашылығы саласына) бармайды. Неге десеңіз, олардың талаптары өте қатал. Сондықтан ауыл шаруашылығын қолжетімді тариф бойынша қаржыландыратын мемлекеттік институттар керек. Сіз айтқандай, жұмысын оңтайландыруымыз керек, тиімділігін көтеруіміз керек», - деді Әлихан Смайылов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT