+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Әлихан Смайылов салық саласындағы маңызды талаптарды атады

2019 жылғы 11 желтоқсан 11:53
Бөлісіңіз:
Әлихан Смайылов салық саласындағы маңызды талаптарды атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында салық бойынша қарызы көп 100 адамның тізімі жарияланды Салық рақымшылығы: 4 млн теңге айыппұл есептен шығарылды Елімізде жер мен мүлік салығы біріктіріледі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салықтарды төлеуден жалтаруға қарсы күреске бағытталған Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының жаңа жобасы – BEPS-ке Қазақстанның қатысуына бастама жасады. Бұл конвенция 2016 жылы 24 қарашада қабылданды және оған Қазақстан Республикасы 2018 жылы 25 маусымда қол қойды.

«Осы халықаралық шартқа қосылудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өткім келеді, өйткені бұл Еуропалық Одақтың директивасына сәйкес, BEPS жобасының барлық қатысушылары үшін міндетті шарт болып табылады. Бұл конвенция барлық екіжақты салықтық конвенцияларға салық салудан жалтаруға қарсы іс-қимылға бағытталған өзгерістер енгізеді. Бұл ретте Көпжақты конвенция тек осы конвенцияға қосылған мемлекеттердің екіжақты салықтық конвенцияларын қамтиды», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Көпжақты конвенцияда көзделген негізгі өзгерістер: біріншіден, заңды тұлғалардың қос резиденттік мәселесін шешу тәртібі анықталған; екіншіден, кіріспе мәтіні екі мемлекетте де, атап айтқанда кіріс көзі болатын мемлекетте және табыс алушының резиденттігі болатын мемлекетте кірістерді салық салудан босату мүмкіндігін болдырмау бөлігімен толықтырылды; үшіншіден, егер мәміленің мақсаты тек жеңілдіктерді алу болса, жеңілдіктерді қолдануды шектейтін ереже көзделген.

«Бұдан басқа, біз «Атамекен» ұлттық палатасы алаңында бизнес-қауымдастық өкілдерімен Көпжақты конвенцияның ережелерін түсіндіру мақсатында бірнеше рет кездесу өткіздік.Бір жағынан Көпжақты конвенцияға қосылу халықаралық стандарттарға сәйкес болуға тырысатын ел ретінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының алдында Қазақстанның мәртебесін көтереді. Екіншіден, салық органдарының екіжақты салық конвенцияларының ережелерін қолдану арқылы құрылған салық схемаларының жолын кесудегі күресінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Конвенцияны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді», - деді Ә.Смайылов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT