Әлихан Смайылов Ресеймен транзиттік дәліз болып отырған жолдың жағдайымен танысты

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет басшысы барған алғашқы нысан 94 мың тұрғыны бар 50 елді мекенді қосатын «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автожолының учаскесі болды. Жол Қарашығанақ кен орнына дейін жетеді және Ресей Федерациясына транзиттік дәліз болып отыр.

Қазіргі уақытта трассаның жағдайы қанағаттанарлықсыз, аталған трассадан тәулік сайын Қазақстан мен басқа да елдердің ондаған мың азаматы өтеді.

Еске салсақ, кеше Президент «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Күре жолдағы күрсініс» атты мақалаға назар аударып, ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасы бойынша Үкіметке және аймақ басшысына тапсырмалар жүктеді.
Соңғы жаңалықтар