Әлихан Смайылов ресейлік әріптесі Михаил Мишустинмен кездесті

None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мәскеуде екінші Каспий экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйін, өнеркәсіп және мұнай-газ салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Келіссөз қорытындысы бойынша Үкімет басшылары ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін айтты», - делінген хабарламада.



Фото: primeminister.kz




Соңғы жаңалықтар