Әлихан Смайылов референдумда өз таңдауын жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер – Министрі Әлихан Смайылов референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №111 референдум учаскесіне сағат 7:05-те келіп таңдауын жасады.

Аталған учаскеде ТМД Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері бақылаушы ретінде қатысып жатыр.

Сәлден соң шетелдік бақылаушылардың қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтетіні жоспарланған.

Айта кетсек, референдум еліміздің барлық өңірінде таңғы сағат 7:00-де басталды.


Соңғы жаңалықтар