Әлихан Смайылов пен Вагит Алекперов мұнай-газ саласындағы жобаларды талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы энергетика саясаты және энергиялық тиімділік жөніндегі комитетінің төрағасы Вагит Алекперовпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар геологиялық барлау жүргізу және мұнай кен орындарын игеру, сондай-ақ бұрғылау қондырғыларын жаңғырту, логистика және салық салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі бірлескен жұмысты жалғастыруға және ынтымақтастықтың жаңа ықтимал бағыттарын айқындауға дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде Вагит Алекперов Қазақстан аумағында инвестицияларды одан әрі кеңейтуге және жаңа жобаларды әзірлеуге мүдделі екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар