Әлихан Смайылов Мысырда өтетін Әлем көшбасшылары саммитіне қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлем көшбасшылары саммитіне қатысу үшін Шарм-эш-Шейх қаласына барды. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Климат жөніндегі дүниежүзілік саммиттің жұмысына 120-дан астам елдің өкілдері қатысады. Мемлекет және үкімет басшылары климаттың өзгеруінің ең өзекті мәселелері бойынша өз елдерінің көзқарасын білдіретін «ұлттық үндеу» жасайды. Саммит аясында Әлихан Смайылов бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп күтілуде.

Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен сәлемдесу рәсімі.


Видеодан алынған кадр/ t.me/Kzgovernment




Соңғы жаңалықтар