Әлихан Смайылов Маңғыстауда жұмыс сапарымен жүр
12:25, 13 Мамыр 2022
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірде Үкімет басшысы бірқатар өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және туристік нысандардың жұмысымен танысып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.