Әлихан Смайылов Қытаймен кедендік алшақтықты қысқарту жөнінде тапсырма берді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қытаймен арадағы кедендік алшақтықты қысқартуға «Қазақстан темір жолы» компаниясын тартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытаймен арадағы кедендік статистика деректерінің алшақтығы өткен жылдың қорытындысы бойынша 5,7 млрд теңге болды. Оған негізгі себептердің бірі – тауарлар құнын кемітіп көрсету әрі дұрыс декларацияламау. Соңғы 4 жылда алшақтық 20 процентке қысқарды. Бұл жақсы динамика», -деді Премьер-Министр.

Оның мәліметі бойынша, бүгінде Қаржы министрлігі 5 мыңнан астам тауар позициясының құндық индикаторын қайта қараған.

«Сонымен қатар, Қаржы министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп тасымалданатын тауарлар бойынша Қытай тарапымен ақпарат алмасу мәселелерін пысықтау қажет», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар