Әлихан Смайылов көлеңкелі экономикамен қалай күресетіндігін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов көлеңкелі экономиканы жою үшін қандай шаралар қабылданатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шындығында да Қытай Халық Республикасы деректерімен айырмашылық 6,9 млрд долларды құрайды. Оның 3,3 млрд долларын Қазақстан арқылы шетелге өтетін транзит құрап отыр. Қытай тарапы оны Қазақстан экспорты ретінде көрсетеді. Бұл Ресей мен Қытай статистикалары арқылы дәлелденген. 1 млрд доллар - бұл Қазақстан азаматтарының «Қорғас» ШЫХО арқылы елімізге әкелген тауарлары. 2,6 млрд доллар - бұл шынымен де декларациялық құнын төмендету. Бюджеттің бір жылда жоғалтатын қаражат 205 млрд теңгені құрайды», - деді Қаржы министр.

Әлихан Смайылов мұнша қаражаттың бюджетке түспей қалуын болдырмау үшін нақты жұмыстар жүргізіліп, кешенді шаралар қолға алынғанын айтты.

«Біріншіден, Қазіргі уақытта қытай тарапымен декларацияны электронды түрде алу үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз. Екіншіден, жүктерді Қазақстан шекарасындағы көлік-логистикалық орталықтарда тиеу мәселесі талқылануда. Сол жерде кедендік бақылау жүргізілетін болады. Үшіншіден кеден органдарында ситуациялық орталықтар құрамыз. Олар бізге бұл мәселені түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың қорытындысында кеден бөлігінде бюджетке қосымша 200 млрд теңге түспек», - деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар