Әлихан Смайылов қазақстандықтарды отандық өніммен қамту мәселесін көтерді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ел тұрғындарын қазақстандық өніммен қамтудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнеркәсіптік саясат туралы қабылданған заң шеңберінде жергілікті қамтуды дамыту мақсатында құндылықты дамыту туралы бағдарлама әзірлеу керек. Біз отандық өнім мен тауарларды сатып алуды қамтамасыз етуіміз қажет. Сонымен қатар жұмыс және көрсетілетін қызметтерді пайдалану бойынша да отандықтарды қолдау керек. Әсіресе, оффтейк келісімшарттарға қол жеткізу бойынша мүмкіндіктер бере отырып, ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ету маңызды», - деді Әлихан Смайылов елордада өтіп жатқан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезінде.

Премьер-Министрдің айтуынша, пандемия, әлемдік экономикалық дағдарыс және қаңтар оқиғасы ел экономикасы үшін жаңа сынақ.

«Мемлекет басшысы өз сөзінде бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді жүйелі түрде шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұл ең алдымен, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру. Сондай-ақ, экономикалық игіліктерді әділ бөлу үшін экономиканы әртараптандыру және монополиясыздандыру саясатын жүргізу», - дейді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар