Әлихан Смайылов Қарулы күштер мен барлау құрылымдарын реформалау бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Қарулы күштер мен барлау құрылымдарын реформалау бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтыншы, Қорғаныс министрлігі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен арнайы бөлімшелердің әскери қызметшілерінің табысын арттыру, әскерді көлік авиациясымен, қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру мәселесін пысықтасын», - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, ол Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алдағы отырысында елдің қорғаныс қабілеті талқыланатынын еске салды.

«Жетінші, Қорғаныс министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, Қарулы күштер мен барлау құрылымдарын реформалау, әскердің қорғаныс қабілетін түбегейлі арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеп, Қауіпсіздік кеңесі аппаратының жақын арадағы отырысына енгізсін», - деді Премьер-Министр.

Үкімет отырысында Әлихан Смайылов утилизациялық алым мәселесін реттеуді 3 министрлікке жүктеді.

«Нақты сектор бойынша мынандай міндеттер тұр. Бірінші, утилизациялық алым мәселесі бойынша Экология министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, нақты іске асыру механизмдері мен тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар