Әлихан Смайылов инновациялық экожүйе мәселесі жөнінде кеңес өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов инновациялық экожүйе мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкіметтің Telegram парақшасы таратқан мәліметке сенсек, бүгінгі таңда инфрақұрылым жұмыс істейді, нақты шаралар мен құралдар қарастырылған, еліміздің инновациялық дамуының айқын көрінісі қалыптасқан.

Елімізде «Qazinnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Astana Hub» АT-стартаптардың халықаралық технопаркі, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры, «QazTechVentures» АҚ, Назарбаев университетінің инновациялық кластері және басқа да инновацияларды дамыту және қолдау институттары бар.

«Astana Hub» АT-стартаптар халықаралық технопаркі және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры базасында инновациялық дамудың барлық институттарының бірыңғай платформасын құру жоспарланып отыр.

Мұндай шара инновациялық қолдау тәсілдерін біріздендіруге және оларды инноваторлар үшін жеңілдетуге ықпал етеді.


Видеоны ұсынған - Үкіметтің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар