Әлихан Смайылов егіс алқаптарын цифрландыру неге бір жылға шегерілгенін түсіндірді

None
Фото: t.me/Kzgovernment
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында егіс алқаптарын цифрландыру неге бір жылға шегерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет қаржы бөлу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешті. 140 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінді. 21 млрд теңге қаражат өнімді форвардтық сатып алуға бағытталды. Дихандарға 522 мың тонна астыққа тауарлық кредит берілді. Дизель отыны нарық бағасынан 30%-ке төмен бағада жеткізілді. Минералды тыңайтқыш өндіретін отандық компаниялармен келісімшарт жасалып, өнімді субсидиялауға жергілікті бюджеттен 31 млрд теңге бөлінді», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол аталған субсидияны кешіктірмей беру үшін егіс алқаптарын цифрландыру бір жылға кейін шегерілгенін еске салды.

«Біз биыл агроөнеркәсіп саласын мемлекеттік қолдау жүйесін көп өзгертпей, барынша сақтап қалғанымызды атап өткім келеді», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар