Әлихан Смайылов ЕЭК кеңесіндегі Қазақстан өкілі болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі Қазақстан өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған бұйырыққа Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Айта кетейік, Комиссия кеңесі Одақ шеңберіндегі интеграциялық процесттерді реттейді және Комиссия жұмысына жетекшілік етеді.

Комиссия кеңесінің құрамына заң жүзінде тиісті құзыреттері бар Одаққа- мүше мемлекеттердің Премьер-Министрлерінің орынбасарлары кіреді.

Соңғы жаңалықтар