Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.01 eur/kzt 490.15

    rub/kzt 7.81 cny/kzt 70.64
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Әлихан Смайылов ЕАЭО үкімет басшыларына: Ілгерілеу қадамдарын іске асыру керек

2022 жылғы 25 ақпан 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО елдері үкімет басшыларына қарата айтқан сөзінде қолданылатын кедергілерді экономикалық бағалау әдістемесін әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл өткен сайын серіктестердің нарығына шығу шектеулігіне байланысты мәселелердің елеулі бөлігі шешімін таппай отыр. 10 жылдан астам уақыттан бері мүше мемлекеттер нарықтарына алкогольдік өнімнің тең қолжетімдігі талаптарын құру мәселесі шешілмей келеді. Кейбір жағдайда кедергілерді жою бойынша жұмыстар формалды сипатқа ие екенін мойындау керек», - деді Ә. Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында.

Осы орайда Үкімет басшысы ЕАЭО-да барынша ашық нарықты құру үшін базалық ілгерілеу қадамдарын іске асыру керек екенін атап өтті. Бұл тұрғыда Комиссияға қолданылатын кедергілерді экономикалық бағалау әдістемесін әзірлеу ұсынылды. Яғни кедергілер жайында тек айтып қана қоймай, бизнеске келтірілген шығынды бағалау маңызды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары