Әлихан Смайылов: Азық-түлік тауарларының бағасы ерекше бақылауда болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау Үкіметтің ерекше бақылауында болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа және орта мерзімді шаралар топтамасы әзірленіп, қазір жүзеге асырылуда. Осы шаралар топтамасына әріптестеріміз, әкімдер баса назар аударуы керек. Қысқа мерзімді шаралар аясында азық-түлік бағасын өсірмеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, маңызды азық-түлік түрлері бойынша өндіру, экспорт, импорт бойынша және тұтыну баланстарын әзірлеуі тиіс. Осы баланстардың негізінде әр өңір ішкі нарықтағы азық-түлік ұсыныстың керекті көлемін қамтамасыз етуі тиіс», - деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, ол үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін субсидиялау және мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ұсыну кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, әр өңірде баға өсіміне жол бермеу, азық-түлік өндірушілердің ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін нақты қарсы міндеттемелерін белгілеу қажет.

«Сонымен бірге тұрақтандыру қорларының тиімді жұмысын қамтамасыз ету керек. Басқа да бірқатар шара аталған топтамасында белгіленген. Бағаларды тұрақты ұстау мәселесі біздің ерекше бақылауымызда болады», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар