Әлихан Смайылов: Ауыл шаруашылығын субсидиялау әлемде бар тәжірибе

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы саласына қолдау көрсетудің маңызын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы ауыл шаруашылығына мемлекеттік көмек көрсету, субсидия беру дүние жүзінде бар тәжірибе. Бұған себеп болатыны – ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарудың ерекшелігі. Мысалы ауыл шаруашылығына салынатын инвестиция ұзақ мерзімде қайтады, сосын әртүрлі тәуекелдерге байланысты болады. Мысалы өсімдік пен жануарлар ауруына, ауа райына байланысты болады» , - деді Әлихан Смайылов Ұлттық арнадағы «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында.

Үкімет басшысының айтуынша, барлық мемлекеттер өздерінің ауыл шаруашылығын қолдайды, ол біріншіден инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету үшін, екіншіден ауыл шаруашылығында тұрақты жұмыс істеп, тұрақты жалақы төлеу үшін қажет.

«Ауылдық жерлерде халықтың 42 пайызы тұратынын ескерсек, ауыл шаруашылығы – әлеуметтік маңызы бар сала. Сондықтан әрбір мемлекет өзінің ауыл шаруашылығына қаржылай көмек береді және басқа да тәсілдермен тиісті жеңілдіктерді береді. Біз де сондай тәжірибені қолданудамыз және бұл көмекті көбейтіп жатырмыз», - деді Ә. Смайылов.


Соңғы жаңалықтар