Әлихан Смайылов: Әуежай айналасындағы жерлер ретсіз пайдаланылуда

Фото: Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов әуежайлардың айналасындағы жерлер ретсіз пайдаланылып жатқанын айтып, жауапты органдарды сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әуежайлардың айналасындағы жерлер тұрғын үй құрылысына немесе бизнес нысандарына беріліп, ретсіз пайдаланылуда. Яғни, халықаралық стандарттар сақталмайды. Бұл ұшу қауіпсіздігіне әсер етеді», - деп мәлім етті Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов авиакеросин тапшылығына қатысты мәселеге ерекше тоқталды.

«Біз Үкіметте авиакеросин өндірісін ұлғайту мәселесін бірнеше рет талқыладық. Отандық жанармайдың жеткілікті қоры Қазақстан арқылы транзитпен өтетін халықаралық авиакомпанияларды тартудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Біз әуе көлігі арқылы жүк тасымалын ұлғайтуға, ұшақтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүдделі болуымыз керек», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар