Әлихан Смайылов астықтың сапалы сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов астықтың сапалы сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, астық жинау жұмыстарын тез арада толықтай аяқтап, астықтың сапалы сақталуын қамтамасыз етсін», - деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ол өңір әкімдеріне өнімнің астық қоймаларына уақтылы қабылдануын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. келесі жылға қажетті астық тұқымын толығымен қамтамасыз ету керектігін де баса айтты.

«Индустрия министрлігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп, астықты үздіксіз тасымалдау үшін вагондармен қамтамасыз ету іс-шараларын қабылдасын», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар