Әлихан Смайылов ArcelorMittal басшысынан кеншілердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті
2022 жылғы 30 қараша, 19:02

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында Әлихан Смайылов комбинат жұмысының тұрақтылығын, кеншілердің жұмыспен қамтылуын және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.
Үкімет басшысы өндіріс көлемін төмендетуге, сондай-ақ қазақстандық өнімді өткізу нарығын жоғалтуға болмайтынын атап өтті.
Өз кезегінде Виджай Гоял барлық талапты орындауға дайын екенін мәлімдеді. Кәсіпорынның одан әрі жұмысы бойынша келіссөздер жақын арада жалғасатын болады.
Фото: primeminister.kz
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP