+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Әлихан Байменов: Қағаз толтыру, есеп беру сияқты жұмыстар әлі де мұғалімнің көп уақытын алады

2019 жылғы 7 қараша 18:28
Бөлісіңіз:
Әлихан Байменов: Қағаз толтыру, есеп беру сияқты жұмыстар әлі де мұғалімнің көп уақытын алады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Білім беру жүйесінде еліміздегі университеттер мен мектептер өзін-өзі басқару жүйесіне көшуі тиіс. Сонда талапқа сай жаңа бағдарламалар жүзеге асырылады. Ақтаудағы халықаралық форумға қатысқан Әлихан Байменов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімдерді «Болашақ» бағдарламасымен оқыту керек - Бердібек Сапарбаев ШҚО-да мұғалімдерге арнайы гранттар берілуі мүмкін Мұғалімдерді артық жұмысқа тартқандарға 120 АЕК айыппұл салынады

Оның айтуынша, білім жүйесіндегі ұстаз бен шәкірт адамзат өркениетінің дамуында өте маңызды рөл атқарады.

«Бүгінгі күннің ұстазы жаңа технологиялар заманында өркениеттік миссиясын атқаруы үшін оған деген сенім болуы керек. Оның абыройын көтеретін қадамдар жасалуы тиіс. Біздің білім беру жүйесіндегі университеттер мен мектептер өзін-өзі басқару жүйесіне көшкені жөн. Сонда талапқа сай жаңа бағдарламалар жүзеге асырылады. Білім министрлігі өз миссиясын оқу орындары мен халықтың білімге деген қажеттілігін өтеу деп белгілеуі керек. Біздің білім беру жүйесі осы бағытта дамыса, онда жаңа технологияларды да дұрыс пайдаланамыз. Себебі жаңа технологиялар – құрал»,-дейді Әлихан Байменов.

Ал, түпкі мақсат – білікті, тәрбиелі, адамзаттың ортақ құндылықтарын бойына сіңірген, елді болашаққа бастап жүретін маман тәрбиелеу.

«Міне, осы тұрғыдан алғанда қаншама жаңа технологияны енгізгенімен, құндылықтар және орта қалыптастыру мәселесі тұр. Басқару жүйесін өзгерту бір күндік шаруа емес. «Батпандап кірген мысқылдап шығады» деген сөз бар. Әлі де болса мұғалім сабақ беріп, білім алумен қатар түрлі қағаз толтыру, есеп беруге көп уақыт бөледі. Бұл жұмыстар оның көп уақытын, энергиясын алады. Оқу орындары да талай есеп құжаттарын толтырады. Ректорды, директорды тағайындадыңыз ба, оған сенім болуы керек. Мысалы, елордадағы министрліктегі инспекторға деген сенім ректорға артылған сенімнен жоғары болмауы керек. Ректор мұғалімдерге толық сеніп, оны жұмыс нәтижесі бойынша бағалауы тиіс»,-дейді Астана мемлекеттік қызмет хабы (ACSH) басқарушы комитетінің төрағасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT