Әліби Жұмағұлов танысқан қызын мейрамхананың орнына полицияға апарып тастаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы бизнесменннің «тоқалымен» дос болғаны үшін соққыға жығылған Әліби Жұмағұлов әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды бірден полиция бөлімшесіне апарып тастаған. Себебі оның сөмкесінде есірткі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған оқиға қазанның 20-сы күні болды. Оны қалалық ішкі істер департаменті де растап отыр. «Жұмағұловтың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 296-бабы «есірткі заттарын заңсыз сақтағаны» бойынша бірыңғай тізілімде тіркелді», - делінген ресми хабарламада. Ал сот-химиялық сараптамаға сәйкес 21 жастағы бойжеткеннен тәркіленген зат бір граммнан асатын марихуана болып шықты.

KazTengrinews.kz">KazTengrinews.kz порталына сұхбат берген қыз да осы оқиғаны растады. Оның айтуынша, Әліби Жұмағұловпен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Содан қазанның 20-сы күні екеуі кездескен. 

«Мен оның көлігіне отырғаннан кейін ол сұрақтың астына алды. Онымен не үшін таныстым? Кездесуге келгенде нені көздедім? Ал сөмкемдегі заттарды реттей бастағанда ол кішігірім қалташаны көріп, ішінде не бар екенін сұрады. Мен өзім үшін марихуна алғанымды жеткіздім», - дейді ол. Осыдан кейін Ә.Жұмағұлов оны мейрамхананың орнына полиция бөлімшесіне апарып тастаған.   

Соңғы жаңалықтар