Әлібек Қуантыров жыл басынан бері қай өңірлер оң өсім көрсеткенін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров орталық және жергілікті атқарушы органдар назар аударуы тиіс іс-шараларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай. Барлық көрсеткіш бойынша оң өсім 6 өңірде – Ақмола, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалған. 6 көрсеткіш бойынша 7 өңір оң өсім көрсетті. Олар – Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы», - деді министр.

Осы ретте ол орталық және жергілікті атқарушы органдар назар аударуы тиіс нақты іс-шараларды атады.

Атап айтқанда, салынып жатқан нысандарды уақытылы пайдалануға беруді бақылауды қамтамасыз ете отыра, құрылыс жұмыстары маусымын тиімді жүргізу қажет.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын мониторингтеу және тиісті қалыпқа келтіру шараларын қабылдауы тиіс.

Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орындарын құруды екпінді қадағалау керек.

Инвестицияларды белсенді тарту және инвесторлармен нүктелі жұмыс жүргізу, әр инвестициялық жобадан келетін экономикалық қайтарымды барынша ұлғайту қажет. Экспорттық міндеттемелердің толық орындалуына жәрдемдесу және экспорттаушыларды барлық деңгейлерде қолдау керек.

«Жоғарыда аталған іс-шараларды толықтай іске асыру елімізді экономикасының өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді», - деді Әлібек Қуантыров.

Айта кетейік, Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Сурет: inbusiness.kz
Соңғы жаңалықтар