Әлібек Қуантыров инфляция туралы: Қазір жағдай күрделі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Украинадағы жағдайдың Қазақстандағы инфляцияға әсерін бәсеңдету үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір инфляцияға қысым болып жатыр. Оның әсері қандай болатынын нақты айту қиын. Кішкене шыдай тұру керек. Себебі Укринадағы жағдай барынша тез тұрақтанса, біздегі бағаға әсері төмен болады. Бірақ оны әлі қадағалау керек.

Үкімет Ұлттық банкпен бірге дағдарысқа қарсы тиісті кешенді жоспар қабылдады. Сол жоспар шұғыл түрде орындалып жатыр. Негативті, базалық және оптимистік дейтін үш сценариі бар. Әрине, қазір жағдай күрделі. Бірақ бұған дейін айтқанымдай, нақты әсерді бағалау үшін кішкене уақыт керек», - деді министр.

Оның айтуынша, Украинадағы жағдай ушыққан жағдайда да барлық әлеуметтік міндеттемелер іске асырылады.

«Себебі Үкіметте оған қажет қаражат та, мүмкіндік те бар», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар