Әлібек Қуантыров: Бізде олигархиялық экономика жоқ, бірақ деолигархизация жүріп жатыр

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстан экономикасының олигархиялық сипаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде олигархиялық экономика бар деп айтпас едім. Өйткені экономикадағы орта бизнестің үлесі қазірдің өзінде 36,5 пайыз болып тұр, жақсы өсіп келеді. Ал ұзақ мерзімге берілетін, арзан ақшаның жетпей жатқаны туралы айтсақ, ақша әрдайым жетпейді», - деді министр.

Оның айтуынша, елдегі негізгі жұмыс берушілер – шағын және орта бизнес.

«Біздің экономика олигархтар экономикасы емес. Себебі олигарх деген – үлкен бизнесі бар жеке кәсіпкер. Әрине, қазір деолигархизация, демонополизация бағытында жұмыс істеліп жатыр.

Бүгінгі таңда 4,1 млн адам шағын және орта бизнесте жұмыс істеп жатыр. Бір жыл бұрын 200 мың адамға төмен болған», - деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар