Әли Бектаев: Қордайлықтар дәрігерге тексерілу үшін Қырғызстанға барып жүр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Жамбыл облысы Қордай ауданы тұрғындарының медициналық көмек алу үшін көрші Қырғыз еліне баратындығына алаңдаушылық танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қордайда да мәселе бар. Бұл тек әлеуметтік қана емес, сонымен бірге саяси да мәселе. Біздің Жамбыл облысының, оның ішінде Қордай ауданының тұрғындары емханалардың материалдық жағдайының төмен болуына байланысты дәрігердің тексеруінен өту үшін Қырғызстанға барады. Ал бұл 150 мың тұрғыны бар үлкен аудан саналады", - деді ол бүгін Сенаттағы "Өңір" депутаттық тобының отырысында.

Осыған орай депутат аталған ауданда ауруханалар мен емханалар салу қажеттігіне баса назар аударды.

"Қазақстан тұрғындарының тексеруден өту үшін Қырғызстанға баруы ұят емес пе. Емханалар мен ауруханалар салу қажет шығар. Қалай десек те мұндай стратегиялық мәселеге назар аударуымыз керек", - деді Әли Бектаев.

Соңғы жаңалықтар