Әли Бектаев: Еңбек адамдары қоғам өмірінде негізгі рөл атқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН.Қаз.Ақпарат – Еңбек адамдары қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл туралы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-де өткен Еңбек озаттарының IV форумында «Ауыл» халықтық демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы осымен төртінші рет Еңбек озаттарының форумын өткізіп жатыр. Әртүрлі салада істейтін еңбек адамдары қоғам өмірінде, экономика мен мемлекеттің дамуында басты рөл атқарады. Солардың арқасында біз дамып, өркендеп жатырмыз. Сол себепті «Ауыл» партиясы 4 жыл бойы Тәуелсіздік күні қарсаңында әртүрлі салаларда еңбек етіп жүрген адамдарды жинап, ерекше көзге түскендерін марпаттайды», - деді Ә.Бектаев.

Форум барысында ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, индустрия, мәдениет, спорт және т.б. салаларға еңбегі сіңген партия мүшелері мемлекет және мекеме тарапынан марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл» ХДПП XVI съезде еңбек адамының мәртебесін арттыруға, ауыл мамандарының дәрежесін көтеру, жұмыскер адамдарға оң көзқарас қалыптастыруға арналған «Еңбек адамы – ел тірегі» бастамасы туралы хабарлады. Бұл бастама 2016 жылдан бері өткізілетін озаттар форумы кезінде туындады. 3 жыл ішінде 500-ден аса партия мүшелері мемлекеттік және мекеме марапаттарына ие болды. Осы жылы 190 партия мүшесі марапатқа ұсынылды.

Олардың ішінде «Құрмет» ордені, «Шапағат» және «Ерен еңбегі үшін» медальдары, сонымен қатар Президенттің мақтау қағазы бар.

«Ауыл» партиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қоғамның қозғаушы күші – еңбек адамы» деген қағидасын толығымен қолдайды. Партияның пікірінше, еңбек адамы қоғамда құрметке ие болуы керек.

Соңғы жаңалықтар