Әли Балоевтің африкалық нокаутшымен жекпе-жегінің уақыты аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Балоев (10-0, 7КО) келесі жекпе-жегін 20 тамызда Дубай қаласында (БАӘ) өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Балоевтің қарсыласы Камерун өкілі Ролли Ламберт Фогум (11-1-1, 10КО) болады. Кездесу 10 раундқа есептелген.

D4G Promotions промоутерлік компаниясы мен MTK Kazakhstan менеджменті алдағы шараның ресми афишасын ұсынды.

Әли Балоев бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың тамыз айында Алматыда өткізіп, онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Беларусь боксшысы Юрий Быховцевті (10-21-3, 5КО) жеңді.


Соңғы жаңалықтар