Әли Балоев өзін нокаутқа түсірген Ресей спортшысымен қарымта кездесу өткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Әли Балоев (12-1, 8 КО) келесі жекпе-жегін 18 наурызда өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Әли Балоевтың келесі қарсыласы - өткен жылдың қыркүйегінде Мәскеуде өткен Hardcore Boxing турнирі аясында қазақстандық боксшыны техникалық нокаутпен жеңген ресейлік Курейш Сагов.

Балоев пен Саговтың жекпе-жегі Дубайда (БАӘ) өтеді деп күтілуде.

Hardcore Boxing лигасында Әли Балоев соңғы үш жекпе-жегін өткізді – Саговтан жеңілмес бұрын қазақстандық екі жеңіске жетті (техникалық нокаутпен және төрешілердің бірауыздан шешімімен).

Фото: sports.kz



Соңғы жаңалықтар