Әли Ахмедовтің келесі жекпе-жегінің датасы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12КО) келесі жекпе-жегін жаздың соңында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасы BoxRec.com сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, GGG Promotions промоутерлік компаниясындағы қазақстандық боксшының айқасы Коста-Меседе (Калифорния штаты, АҚШ) 26 тамызда өтеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

1 тамыз күні Әли Альбукеркеде (Нью-Мексико штаты) перуандық «Пантера» лақап атымен белгілі Давид Сегарромен (34-5, 21КО) жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда жекпе-жекке бірнеше сағат қалғанда латынамерикалық боксшыдан коронавирус анықталуы себебімен кездесу өткізілмеді.


Соңғы жаңалықтар