Әли Ахмедов WBC рейтингінің ТОП-15 қатарына қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) WBC рейтингінің ТОП-15 қатарына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Ахмедов соңғы жекпе-жегін 6 қазан күні Головкин —Деревянченко бокс кешінің андеркардында америкалық Эндрю Эрнандеспен (20-8-2, 9 КО) өткізген болатын. Әли бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіп, суперорта салмақтағы WBC International Silver белдігін қорғады.

Сол жеңісі қазақстандық боксшыға WBC рейтингінің 15-сатысына көтерілуге мүмкіндік берді. Қазір осы салмақтағы бас титул Головкинннің бұрынғы спарринг-серігі Давид Бенавидестің (22-0, 19 КО) еншісінде.

Соңғы жаңалықтар