Әли Ахмедов кезекті жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12КО) келесі жекпе-жегін 12 наурызда өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунтына сілтеме жасап.

BoxRec порталының ақпаратына сәйкес, 25 жастағы Әли Ахмедов 33 жастағы америкалық Скот Сигмонға (34-14-1, 17КО) қарсы айқасады. Кездесу Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтеді және 10 раундқа есептелген.

Еске салсақ, қазақстандық профи мұның алдындағы жекпе-жегін 2020 жылдың 18 желтоқсанында Голливудте өткізіп, эквадорлық Карлос Гонгорадан (19-0, 14КО) жеңілген еді.

Сондай-ақ аталмыш аккаунттың хабарлауынша, қазақстандық тағы бір кәсіпқой боксшы Әли Балоев (10-0, 7КО) 27 ақпанда рингке оралады. Жеңіліп көрмеген бірінші орта салмақтағы спортшы Алматыда MTK Kazakhstan өткізетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Қарсыласы – 39 жастағы ресейлік Денис Царюк (12-4, 10КО).

Ә.Балоев кейінгі айқасын Алматыда тамыз айында өткізген болатын. Ол төрешілердің бірауызды шешімімен беларусь Юрий Быховцевті жеңді.


Соңғы жаңалықтар