Әли Ахмедов IBF рейтингінің ТОП-бестігіне енді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат kazproboxing парақшасына сілтеме жасап.

Аталған рейтингідегі Қазақстан боксшыларының позициясын ұсынамыз:

Екінші орта салмақта Әли Ахмедов алтыншы орыннан бесіншіге көтерілді. Бұл дивизионда чемпиондық титул мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі. Лидерлер үштігінде, сондай-ақ кубалық Уильям Скалл, ресейлік Владимир Шишкин мен америкалық Эдгар Берланга бар.

Орта дивизионда Мейірім Нұрсұлтанов жетінші орында қалды. Бұл салмақтағы IBF-тің әлем чемпионы атағы бос тұр. Рейтингінің бірінші позициясында бразилиялық Эскива Фалькао тұр. Одан кейін аустралиялық Майкл Зерафа мен неміс боксшысы Винченцо Гуальтьери орналасқан.

Екінші жартылай жеңіл категориядағы Сұлтан Зәуірбек 14-інші орында қалды. Бұл салмақта әлем чемпионы – тәжікстандық Шавкат Рахимов. Рейтингінің алғашқы екі позициясы бос тұр. Үшінші орынға британиялық Джозеф Кордина орналастырылған.


Соңғы жаңалықтар