Әли Ахмедов арманын орындаған Головкинге алғысын білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WBC International титулы үшін шаршы алаңға шыққан Әли Ахмедов Геннадий Головкинге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әли Ахмедов америкалық Маркус МакДэниэлді жеңген соң жанкүйерлері мен командаластарына, сондай-ақ, Геннадий Головкинге алғысын білдірді.

«Менімен жұмыс істеген командама және маған осындай мүмкіндік жасаған Геннадий Головкинге алғысым шексіз. Бұл бокс кешіне тыңғылықты дайындық жүргіздім. Рингте де бапкерімді үнемі тыңдап отырдым. Соның ақыл-кеңесімен қимылдадым. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Атақты Madison Square Garden алаңында өнер көрсету менің арманым болды. Бүгін ол да орындалды. Маған жанкүйер болғандарға рахмет айтамын!» - деді спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін жеңіліп көрмеген Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) тәжірибелі америкалық Маркус МакДэниэлді (15-0, 2 КО) жеңген болатын.

Ал Головкин-Роллс айқасының андеркартында шаршы алаңға шыққан тағы бір отандасымыз Бақтияр Эюбов америкалық Брайан Себальоға есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар