Алғыс айту күнінде татулықты ту еткен ата-бабамызды еске аламыз – Новгородов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күнінде Қазақстандағы Евангелиялық-Лютеран Шіркеуінің төрағасы архиепископ Юрий Новгородов отандастарын құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз діни, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан осы жерде тату тәтті өмір сүрген ата бабамызды еске аламыз. Олардың бір-біріне деген мейірімі, құрметі, өзара көмегі бізге жарқын үлгі болары сөзсіз. Бұл біздің елдің байлығы. Біздің тұңғыш Президентіміз әлемдегі дәстүрлі діндердің көшбасшыларының басын қосып сьезд өткізгені белгілі. Бұл жиынның Қазақстанда өткені де заңдылық. Себебі, Қазақстан қаншама ұлттың басын біріктіріп отыр», - деді Юрий Новгородов.

Оның айтуынша, былтыр Қазақстан тұрғындарының бірлігіне сынақ болған.

«Осы дәстүр өткеннен бүгінге жалғасып келе жатқанына куәміз. Себебі, 2020 жылы ауыр сынақ болды. Мен медицина, полиция, әскери қызметшілерге үлкен алғыс айтамын. Олар көптеген отандастарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін басын қатерге тікті. Қазақстандағы Евангелиелік-Лютеран шіркеуі Қазақстан азаматтарының амандығы үшін ғибадат ететін болады. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймыз», - деді Ю.Новгородов.

Айта кетукерек, бүгін Қазақстанда алғыс айту күні тойланып жатыр.

Атаулы мерекемен қазақстандықтарды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Соңғы жаңалықтар