Алғыс айту күні петропавлдық зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Алғыс айту күні зейнеткерлер қалаішілік қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл - «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының бастамасы. Қайырымдылық акциясына жолаушылар тасымалдайтын компаниялардың жетекшілері қолдау көрсетті. Олар көктемнің алғашқы күні, Алғыс айту мерекесіне орай зейнеткерлерге жеңілдік жасап, Петропавлдағы қоғамдық көлікті қарттар үшін тегін етпек.

«Қайырымдылық шарасын дәстүрлі түрде ұйымдастырамыз. Әдетте зейнеткерлеріміз үшін Қарттар күні қоғамдық көлікте жүру тегін болатын. 2016 жылдан бастап, Алғыс айту күні мерекесі пайда болғаннан бері біз жылына екі рет акцияны ұйымдастыратын болдық. Тұрғындар бұл күні зейнет куәлігін көрсеткен жағдайда жолақы төлемейді. Биыл 1 наурыз демалыс күніне түсіп тұр. Зейнеткерлеріміз бұл күні театрларға барып, туған-туыс, құрбы-жолдастарын аралап, мерекені жақсы өткізеді деп сенеміз», - дейді «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының төрағасы Галина Семенова.

Қазіргі уақытта Петропавл қаласында қоғамдық көліктер 23 бағыт бойынша жүреді. Жолаушылар тасымалына шамамен 280 автобус тартылған.


Соңғы жаңалықтар