Алғыс айту күні: Музыка зерттеушісі Затаевич туралы жаңа бейнеролик жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алғыс айту күніне орай жаңа бейнеролик жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр жариялаған жаңа видео қазақ даласын аралап, ән-күйін жинап, зерттеген атақты ғалым Александр Затаевичке арналған.

«Құрметті достар! Бүгінгі ролик қазақ музыкасының үлгілерін жинаумен айналысқан Александр Затаевич туралы. Ол жарыққа шығарған «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 ән-күйі» атты жинақтарға еліміздің бай фольклорлық қазынасы мен атадан балаға жеткен асыл мұрасы енгізілген», - деп жазды Дәурен Абаев Facebook парақшасында.


Соңғы жаңалықтар