Алғыс айту күні қазақстандықтардың сезімі мен көзқарасын байытады – Ахмед Мурадов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алғыс айту күні қазақстандықтардың көпшілігінің сезімі мен көзқарасын байытады. Мұндай пікірді «Вайнах» Қазақстандағы шешендер мен ингуштер қауымдастығының тең төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясыныңмүшесі Ахмед Мурадов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 наурызда аталып өтілетін Алғыс айту күні қоғамымыздағы Қазақстанға түрлі себептермен – арнайы қоныс аудырылған, депортацияланған, эвакуацияланған адамдардың тарапынан айтылған пікірлерге жауап ретінде бекітілген. Қазақстанда 130 этностың өкілі өмір сүреді және бұл адамдардың барлығы қазақ халқына және өздерінен әлде қайта қоныс аударған халықтардың өкілдеріне риза. Алғыс білдіру ылғи Қазақста халқы Ассамблеясының аясында ғана айтылатын. Ассамблея сессияларының бірінде Тұңғыш Президентіміз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы осы айтылған пікірлердің бәрін байытып, Алғыс айту күнін бекіту туралы ұсыныс жасады. Бұл - барша қазақ халқына, бір-біріне алғыс айту күні», - деді ол.

Оның айтуынша, Алғыс айту күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурызға орайластырылған. ҚХА1995 жылы 1 наурыза құрылған еді. Дәл осы күні барша қазақстандық өз елінің, халқының алдындағы жауапкершілігін айрықша сезінеді.

«Ертең, 23 ақпан күні вайнахтардың депортацияланғанына 77 жыл толады. Біз 20 ақпан күні халықаралық конференция өткізген едік. Бұл күндері кең ауқымды қайырымдылық акциялары және өзге де іс-шаралар жоспарланып отыр. Осылайша, біз біртіндеп Алғыс айту күніне жетеміз. Яғни, бір апта ішінде Еске алу күні, вайнахтардың қазақ халқына, осынау қасиетті жерге ризашылық білдіруі орын алады. Алғыс айту сынды қасиетті сезімді бастан кешіру үшін бізге себеп жеткілікті. Оның үстіне қазақ жерінде вайнах халқының талай өкілі мәңгілік мекенін тапқан. Алғашқы жылдары департацияланғандардың жартысы қаза тапты. Одан кейінгі жылдары да өмірден озған вайнахтар көп», - деді Ахмед Мурадов.


Соңғы жаңалықтар