Алғыс айту күні: «Біртұтас Қазақстан» атты флешмоб өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада танымал спортшы Сергей Цырульников пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Алғыс айту күніне орай әзірлеген «Біртұтас Қазақстан» атты флешмоб өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Этностарымыздың ынтымағын, Қазақстан халқы достығын, қасиетті жеріміздің қонақжайлығын көрсету басты мақсат болды. Флешмобтың мәні де сонда жатыр. Бұған қоса, еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай флешмобқа қатысушылардың да саны отыз адам», - деді Сергей Цырульников.

Оның атап өтуінше, бұл іс-шара ҚР Мәдениет және спорт, Қорғаныс министрліктерінің, «Жас сарбаз» жастар патриоттық қозғалысының қолдауымен ұйымдастырылды. Бастапқыда флешмобды мұнан да ауқымды түрде ұйымдастыру жоспарда болған. Алайда оған ауа райының қолайсыздығы кедергі келтірді.

«Елімізде көлемі 35*17,5 метрлік ең үлкен ту бар. Бастапқыда осы туды Қазақстанның барлық этнос өкілдері ұстап көшеге шығу жоспарда болған еді. Алайда көшеде 30 градус аяз болуына байланысты флешмобты көлемі шағындау тумен Достық үйінің ішінде өткізуге тура келді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар