Алғыс айту күні: Бір ауылдағы 160 үйге газ тартқан кәсіпкер марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетауда  Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тағылымы мол шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырəлімова, мемлекеттік органдардың, еңбек ұжымдарының, этно-мәдени орталықтар мен бірлестіктердің өкілдері, еңбек ардагерлері және «Қазақстанның 100 есімі» жобасына қатысушылар, үлгілі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасылар қатысты.

«Біздің үлкен ортақ ісімізге бейжай қарамай зор үлес қосып жатқан баршаңызға Алғыс білдіремін. Алғыс айту күні -біздің елдің барлық азаматтарының бір-біріне деген сыйластығы, ортақ тарихымызды құрметтеу, өзара көмек пен қолдау күні», - деді облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырəлімова құттықтау сөзінде.
null 

Шара барысында ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, ауылының əлеуметтік мəселесін шешуге қосқан елеулі үлестері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаны жомарт» қоғамдық алтын медалімен Есіл ауданындағы «Ново-Приречное» ЖШС директоры Валерий Тюркин  марапатталды. Осы шаруашылықтың арқасында Юбилейный ауылында 2 тұрғын үй салынып, 160 үйге бірорталықтандырылған газ тартылған. Оған қоса, ауылішілік көшелерге де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, өңірде ұлтаралық бірлік пен түсіністікті дамытуға үлес қосқан 15 этномəдени бірлестіктердің төрағаларына 200 мың теңгенің сертификаты тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар