Алғыс айту күні: Алматыда волонтерлер қарттарға қар тазалауға көмектесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алғыс айту күніне орай «Қамқорлық» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қамқорлық» акциясы аясында алматылық волонтерлер жалғыз басты зейнеткердің ауласын қардан тазалап берді.

«Бүгін - алғыс айту күні. Маған көмектескен барлық жастарға алғыс айтамын. Сіздерге денсаулық және сәттілік тілеймін. Көп-көп рахмет», - деді алматылық зейнеткер Ольга Чаадаева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күн адами қарым-қатынастың құндылығын, адалдықты, парыз бен жауапкершілікті еске салады.

«Үлкендерге қамқорлық көрсету біздің басты парызымыз. Қарттарды сыйлау әрбір азаматтың міндеті. «Қарты бар ел-қазыналы ел», демекші үлкендерді құрметтейтін қоғамның ғана болашағы зор болатынын ұмытпауымыз керек», - деді «Қарлығаш» бос уақыт өткізу орталығының жетекшісі Атыркүл Сағындықова.

Айта кетейік, 2015 жылдың сәуір айында ҚХА 22-ші сессиясы мен ҚХА 20 жылдығын мерекелеу кезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қазақстанда Алғыс айту күнін атап өтуді ұсынды. Бұл күн - барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббаты мен достығының жарқын белгісі.


Соңғы жаңалықтар