+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Алғашқы медициналық көмектің стандарты бекітілді

2019 жылғы 2 қыркүйек 01:43
Бөлісіңіз:
Алғашқы медициналық көмектің стандарты бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұңғыш рет медициналық білімі жоқ адамдарға арналған алғашқы көмектің стандарты бекітілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денасаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тиісті бұйрыққа ҚР Денсаулық сақтау министрі 2019 жылдың 26 тамызында қол қойған. Құжат алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енбек.

«Қиын жағдайға тап болған адамға алғашқы көмек уақытылы және дұрыс көрсетілсе, науқасты жарақаттан аман сақтап, тіпті өмірін құтқарып қалуға болады. Сондықтан, дәрігерлер ғана емес, медициналық білімі жоқ азаматтардың да алғашқы көмек көрсетудің дағдыларын игеруі маңызды. Осыған байланысты халықты шұғыл жағдайда алғашқы көмек көрсетуге дайындау үшін «Қазақстан Республикасында алғашқы көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 114 бұйрығы (бұдан әрі - Стандарт) бекітілді», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бекітілген Стандарт медициналық білімі жоқ адамдарға алғашқы көмектің тәртібі мен базалық іс-шараларын регламенттейді. Алғашқы көмекті зардап шегушінің өзі де, жақын жердегі басқа адам да көрсете алады. Тәжірибе көрсеткендей, дайындықтан өткен адам оқыс оқиға кезінде сауатты әрекет етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын жалпы өлімнің 10 пайызы көлік апаты, күйік щшалу, құлау және суға бату сияқты жазатайым оқиғалардан келеді. Мүгедектіктің де 15 пайызы дәл осындай оқыс жағдайдан болады.

Халықты алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйрету үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жаттықтырушыларды дайындамақ. Жалпы халыққа алғашқы емдициналық көмек дағдыларын сол жаттықтырушылар үйрететін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT