Алғашқы әлеуметтік SALAMWORLD мұсылман желісі құрылады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 22 ақпан. ҚазАқпарат  - Ыстамбұлда 40-тан астам елден келген ықпалды ислам әлемінің қоғам қайраткерлері мұсылман salamworld әлеуметтік желісінің келешегі мен перспективаларын  талқылады.

Сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік желінің болашағы, адамдарды ортақ қызығушылықтар мен құндылықтардың айналасына біріктіретін жобаларға байланысты.

 Аталмыш мұсылман әлеуметтік желісінің  алғашқы бүкіләлемдік саммиті Түркияның премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның құттықтау сөзімен басталып, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Махатхир Мұхаммад пен Ливия уақытша кеңесінің басшысы Мұстафа Абдул Джалил баяндамаларымен жалғасты.  Саммитте қазіргі кезде мұсылмандардың ықпалды әлеуметтік медиа-қорының жоқ екенін және Salamworld күллі мұсылман қауымына ортақ құндылықтар мен мұраттар айналасына біріктіруші рөлінде қызмет ететіні және  оның  жетістікке жетуіне үміттің зор екендігі айтылды.

Salamworld жобасының жетекшісі, Ресейлік қоғам қайраткері Абдул-Вахед Ниязов өз сөзінде мұсылмандарға арналған қоғамдық желінің құрылу себептеріне тоқталып, Salamworld-ты құру идеясы өткен жылы маусымда Астана қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының кезекті сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі кезінде туындағанын баса айтты.

 Сондай-ақ самитте «жастардың дінге және Ислам мәдениетіне деген қызығушылығын оятатын, сонымен қатар мұсылмандық рухани құндылықтарды кеңінен тарататын жаһандық деңгейдегі интернет-порталдың керек екені жайында болған баяндамаларда Salamworld-тың құрылуы өз кезегінде бұған зор септігін тигізеді деген пікірлер айтылған болатын.

Сонымен қатар Ниязов, бұл жобаның саясатқа араласпауы және интернет қолданушылармен тікелей байланыста болып, олардың сауалдарына тұрақты жауап беру үшін жоба жетекшілері қолдан келгеннін барлығын жасайды деді.  Сондай-ақ «бұл жобаның артында ешқандай да саяси күштер тұрған жоқ, бірақ біз түрлі елдердің басшыларынан қолдау және түсіністікпен қарауын күтеміз. Жобаны құруға 12 елден талантты жас мұсылмандар қатысуда. Бұл жобаны біз бірінші кезекте мұсылмандарға арнап құрдық», - деді.  

Salamworld қоғамдық желісінің жабық режимде іске қосылуы үстіміздегі жылы рамазанға жоспарлануда. «Мұсылмандық Фейсбук» атанып кеткен Salamworld көптеген сарапшылар тарапынан, интернет қолданатын мұсылман қауымға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейтін қазіргі кездегі қоғамдық желілердің мұсылмандық баламасы ретінде қаралуда.

Соңғы жаңалықтар