Алғаш рет әйел-арбитр UEFA Суперкубогы матчына төрешілік етеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдың әлемдік тарихында бірінші рет әйел-арбитр UEFA Суперкубогы матчына төрешілік етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ливерпуль» мен «Челси» арасында болатын ойында француз әйел Стефани Фраппар төрешілер бригадасын басқаратын болады.

Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастығының одағы Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлады.

Ал Мишель О’Нил мен Мануэла Николоси оның ассисенті болмақ.

Сондай-ақ, футбол жанкүйерлеріне кеңінен танымал түркиялық Джюнейт Чакыр резервтегі төрешілікке тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар