Алғаш елдің Тәуелсіздігі жарияланған ғимарат қазір қандай күйде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Тәуелсіздік жарияланған ғимарат бүгінде тарихи нысанға айналды. Дәл осы ғимаратта 1991 жылы 16 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тарихи ғимарат Алматының орталығында орналасқан - ғимараттың негізгі қасбеті ескі алаң деп аталатын «Астана» алаңына қарайды. Қазақ КСР Үкімет үйіне арналған ғимараттың құрылысы 1938 жылы басталғантын. Соғыс жылдарында тоқтап қалған құрылыс 1957 жылы аяқталды, ал 1972 жылы оған қосалқы екі ғимарат салынды.

1980 жылға дейін, бұл ғимаратта Жоғарғы Кеңес, Министрлер Кеңесі және Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитеті отырды.Тәуелсіздік алғаннан кейін Алматы облысының әкімдігі осында орналасты. 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ). 2016 жылы ҚБТУ (Жоғарғы Кеңес) ғимаратының қасбетінде ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылданғаны туралы мемориалдық тақта ашылды.

2018 жылы ғимараттың орталық залында демеушілік қаражатпен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық ережелер қатаң сақталды, өйткені ғимарат тарихи ескерткіш ретінде мемлекет қорғауында. Қазір бұл бөлме мәжіліс залы емес - бұл университеттің қажеттіліктеріне, оның ішінде студенттік іс-шараларға арналған бөлме.

ҚБТУ-дың дөңгелек залының төбесіндегі күмбезге күн батареялары орнатылды - бұл залды жарықтандыру қажеттілігін «жабуға» мүмкіндік берді.

Залдың екінші қабатында бірнеше ескі орындықтар өз пішінінде сақталған.

Жоғарғы Кеңестің депутаттары отырыстарға Қазыбек би көшесінен кірген.

Қазір мұнда, түлектер аллеясы бар.

Ғимараттың дәліздерінде кеңестік декор элементтері, ескі шамдар, терезелер сол қалпында сақталған.

Мұнда Коммунистік партия Орталық Комитетінің бірінші хатшысының да кабинеті болды.

Қазір ол аудиторияда сол кездің картасы сақталған.

Терезелерден әдемі саябақты көруге болады.

Асхана бұрынғыдай қалды. Оның тек ішкі көрінісі өзгертілген.

Сондай-ақ, дәл осы ғимаратта астананы ауыстыру туралы шешім қабылданды.


Соңғы жаңалықтар